Байысбаева М.П. Макарон өндірісінің технологиясы
126 = ∗ 60 = 800 ∗ 41 60 = 550 см3/сек n- шнектің айналу саны, n=41 айн/мин. Престің жұмыс ӛнімділігі 110 см 3 /с, оның пайдалы жұмыс кӛлемдік коэффициенті: КПДкөлем = 110 550 = 0,20 тең болады . 8.4 Сығымдайтын шнектердің құрылысы және олардың тиімді түрлері Шнек камерасында қамыр жабысқақ болғандықтан шнектің және шнек камерасының қабырғасына екі түрде - аксиалды- пайдалы және тангециалды (пайдасыз) қозғалысқа ұшырайды. Шнек камерасында барынша қамырдың шнекпен бірге айналуын азайту керек. Сондықтан да шнектің беттерін тегістейді, хромдайды, айнадай жылтыратады. Шнек камерасы каналының бетіне қамырдың аздап жабысуы қажет болып табылады. Сол жабысқан қабат келесі қабаттармен тұтасып қамырдың білікпен бірге айналу мүмкіншілігін азайтады. Бірақ қамырдың жабысқан қабаты оның аксиалды пайдалы қозғалуын бәсеңдетеді. Қамырдың шнек камерасында жылжығанда оның білікке оралып қалуын және қамырдың матрицаға қарай қозғалуының бәсеңдеуін жою үшін шнек камерасының ішіне аксиалды бағытта немесе камераның қабырғасына белгілі бір бұрышта бағытталған қырлар орнатылады және оның беті тегіс болады. Сонымен қатар, қамырдың шнек камерасында білікке оралып қалуын бәсеңдету үшін ограндарының жолының кӛтерілуін тіке орналастырады және оның адымы аз болу керек. Сонда қамыр аксиалды бағытта тез қозғалады да, тез жылжиды. ЛМБ, ЛПЛ болат шнекті престердің жұмысын қарастырғанда, олардың бұрандаларының адымы - 90мм, шнектің диаметрі - 140мм, қатынасы 0,6-1,0 болса жақсы жұмыс істейтіні белгілі болған. Егер ол 0,6-дан тӛмен болса, қамырға кӛрсетілетін қысым азайып, оның қозғалу жылдамдығы бәсеңдейтіні анықталған, ал егер 1,0-ден асып кетсе, онда да
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==