Байысбаева М.П. Макарон өндірісінің технологиясы
124 қозғалғанда оларға жабысып және ол қамырдың құрамының ӛз ішінде ӛзара жабысу әрекеттері әсерін тигізеді. Осы қарама қарсы күштер қамырды шнектің бұрандалы итеретін зонасынан артына қарай теуіп шығаруға тырысады. Егер шнектің бұрандасының ұшы мен шнектің қабырғасының арасындағы саңлау 0,5 мм-ден жоғары болса, артқа тебу күші ӛте ӛсіп кетеді. Сондықтан қамырдың алдына қарай қозғалу күші мен артқа қарай тебу күші пайдалы жұмыс кӛлемдік коэффициентін тӛмендетеді. Егер қамырдың жабысқақтық қасиеті тӛмен болса, онда оның артқа тебу әрекеті азая түседі. Қамырдың жабысқақтығын оның ылғалдылығын азайту арқылы тӛмендетуге болар еді, бірақ онда оның серпімділік-созылғыштық қасиеті тӛмендеп, қамыр матрицаның тесігінен ӛтуіне кӛп күш жұмсауды керек етеді, яғни артқа қарай тебу күші де ӛседі. Осының салдарынан қамырды престеуге кететін энергияның мӛлшері мен қажалу күші ӛседі, де қамырдың температурасы жоғарылап, престеліп шыққан макаронның сапасы тӛмендейді. Бірақ мұнда престің пайдалы жұмыс кӛлемдік коэффициенті ӛзгермейді. Престейтін қондырғының жұмысымен танысқанда мына 4 зонаға бӛліп қарастырған жӛн: 1. Қабылдау зонасы-қабылдау және тасымалдау; 2. Престеу зонасы-тығыздау, қысу; 3. Сығымдалып тығыздалған қамырды орын алмастыру зонасы; 4. Қысып тығыздау зонасы. Қабылдау зонасында құрғақ сусымалы затты тасымалдайтын шнек жұмыс істейді. Бұл зонада қысым жоқ. Қамыр ӛзінің жентектелген ұсақ кесектерден тұратын күйін сақтайды. Оның кӛлемдік мӛлшері 0,719-0,781 г/см 3 . Престеу зонасында қамыр шнек камерасында жылжыған кезде оның тығыздығы бірте-бірте жоғарылап, жабысқақтығы ӛсе бастайды да, сусымалы заттар серпімді-созылғыш күйге кӛшеді. Сонда қамырдың кӛлемдік массасы да ӛседі. Ол қамырдың престелу қысымы, ылғалдылығына қарай 1,33-1,43 г/см 3 -ға дейін жетеді. Қамырдың ішіндегі ауаның бірқатары қабылдау зонасы арқылы шығып кетеді. Осы зонадағы пайда болатын үйкелістің салдарынан қамырдың серпімділік-созылғыштық қасиеті жоғарылайды. Осы кезде шнектің бұрандалы кеңістігінің іші (V)
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==